Жаңа Конституция бойынша республикалық референдумның ресми қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Орталық референдум комиссиясы 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумның қорытындысын жариялады.
Ресми дерекке сәйкес, дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтардың 73,12 пайызы немесе 9 127 192 адам референдумға қатысқан.
Комиссия мәліметінше, бұл көрсеткіш референдум өтті деп тануға жеткілікті.
Дауыс беру барысында жаңа Конституцияны қолдағандар саны 7 954 667 адамды құрап, қатысушылардың 87,15 пайызына тең болды.
Ал қарсы дауыс бергендер саны – 898 099 адам. Сонымен қатар 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылған.
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, өңірлердің басым бөлігінде сайлаушылардың көпшілігі оң шешім қабылдаған. Осыған байланысты жаңа Конституция қабылданды деп есептелді.



