Әлеумет және қоғам

Қазақстанда көктемгі жылы ауа райы күшейеді

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 19–21 наурыз аралығында Қазақстанның көп бөлігінде жылы әрі құрғақ ауа райы сақталады. Кей өңірлерде жауын-шашын мен жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

Көктем біртіндеп күшейіп келеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты 2026 жылғы 19–21 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамы «Қазгидромет» сайтына сілтеп мәлімдеді.

Синоптиктердің дерегінше, алдағы үш күнде антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жылы әрі қолайлы көктемгі ауа райы сақталады. Құрғақ ауа райы күндізгі температураның көтерілуіне ықпал етеді.

Дегенмен кей күндері солтүстік өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, жел күшеюі мүмкін. Сонымен қатар ел аумағында тұман мен көктайғақ та күтіледі.

Ауа температурасы күндіз:

  • Батыста +10…+20°С,
  • Солтүстік пен орталықта +5…+17°С,
  • Оңтүстікте +15…+23°С шамасында болады.

Метеорологтардың айтуынша, сәуір айында ауа райы құбылмалы болуы ықтимал: суық кезеңдер, жауын-шашын және кей күндері +33°С-қа дейін жылыну байқалуы мүмкін.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button