Әлем жаңалықтарыӘлеумет және қоғам

Әлемдік авиация дағдарысы: жанармай тапшылығы рейстерге әсер етті

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы қақтығысы салдарынан әлемде авиациялық отын қымбаттап, әуе компаниялары шығынға ұшырады. Нәтижесінде билет бағасы өсіп, кейбір рейстер тоқтатылып, мыңдаған жолаушы қиындық көріп отыр.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы қақтығысы әлемдік авиация саласына кері әсерін тигізуде. Әуе компаниялары жанармай тапшылығына тап болып, билет бағаларын көтеруге және кейбір бағыттар бойынша рейстерді уақытша тоқтатуға мәжбүр. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.

Мұндай шараларға АҚШ-тың ірі әуе тасымалдаушылары — Delta Air Lines және American Airlines да барды. Олардың наурыз айындағы қосымша шығындары шамамен 400 миллион долларға жетуі мүмкін.

Керосин бағасының күрт өсуіне байланысты Air France компаниясы да билет құнын арттыруды жоспарлап отыр.

Жалпы алғанда, ай басынан бері Еуропада авиациялық жанармай бағасы екі есеге, ал Азияда шамамен 80 пайызға өскен. Соның салдарынан тек Frankfurt Airport әуежайының өзінде соғыстың алғашқы екі аптасында 86 мың жолаушы зардап шеккен.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button