Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанда ұшақ бортында интернет кезең-кезеңімен енгізіледі

Қазақстанда ұшақтарда интернетке қолжетімділік кезең-кезеңімен енгізіледі, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, биыл елге жаңа әуе кемелері жеткізіледі. Ең алдымен заманауи ұшақтар интернетпен қамтамасыз етіледі.

«Биыл Dreamliner 787 ұшақтары жеткізіледі. Жоспар бойынша олар алдымен интернетпен қамтамасыз етіледі», — деді Ластаев.

Оның мәліметінше, жаңа ұшақтар жыл соңына қарай немесе келесі жылдың басында келіп, негізінен халықаралық бағыттарда қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар ведомство әуе билеттерінің бағасына қатысты жағдай тұрақты екенін атап өтті. Әуе керосинінің құны төмендеп, отандық өндіріс есебінен қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде. Бұл факторлар билет бағасының өсуіне жол бермей отыр.

Көлік министрлігі жолаушыларға билеттерді алдын ала сатып алуға кеңес береді, өйткені бұл жағдайда бағалар анағұрлым тиімді болады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button