Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды көктемнің келуі мен жаңарудың белгісі саналатын Наурыз мейрамымен құттықтады. Өз құттықтауында Үкімет басшысы бұл мерекенің жаңа бастамалар мен игі өзгерістердің символы екенін атап өтті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Egemen.kz порталына сілтеп хабарлады.
Ол елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың Қазақстан дамуының жаңа кезеңіне жол ашқанын айтып, жаңа Конституция ұлттық құндылықтарды дәріптеп, Тәуелсіздікпен қатар өркендей беретінін жеткізді.
Сонымен қатар, Олжас Бектенов Наурыздың халықты бірлікке, татулыққа үндейтін ерекше мереке екенін атап өтіп, әрбір шаңыраққа тыныштық, береке және молшылық тіледі. Ол қазақстандықтарға зор денсаулық, отбасыларына бақыт пен амандық тілеп, жаңа жыл табысты әрі жемісті болсын деген ізгі ниетін білдірді.



