Спорт

Александр Шевченко Miami Open турнирінде әлемнің 9-ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Miami Open турнирінің екінші айналымында америкалық Бен Шелтонды үш сетте жеңіп, үшінші айналымға өтті. 25 жастағы спортшы бірінші айналымда да италиялық Маттео Арнальдиді жеңген болатын. Келесі матчында ол франциялық Уго Умбермен кездеседі.

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Miami Open турнирінің екінші айналымында әлемнің тоғызыншы ракеткасы, америкалық Бен Шелтонды жеңді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы (рейтингте 84-орында) қарсыласын үш сетте басып озды — 6:7 (3), 7:6 (3), 6:3. Матч 2 сағат 25 минутқа созылды.

Турнирдің үшінші айналымында Александр әлемнің 34-ракеткасы, франциялық Уго Умбермен кездеседі.

Айта кетейік, бірінші айналымда Шевченко әлемнің 101-ракеткасы, италиялық Маттео Арнальдиді 7:6 (7:5), 6:7 (5:7), 6:2 есебімен жеңген болатын.

25 жастағы теннисші Александр Шевченко 2000 жылғы 29 қарашада дүниеге келген және 2024 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Сол жылы ол әлемдік рейтингте өзінің ең жоғары нәтижесіне жетіп, топ-45 қатарына кірді. Бұған дейін Australian Open турнирінде алғашқы рет екінші айналымға шығып, жеке рекордын жаңартқан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button