Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде валюта бағамы шамамен мынадай деңгейде қалыптасқан: долларды сатып алу – 479,02 теңге, сату – 486,00 теңге; еуроны сатып алу – 552,00 теңге, сату – 562,00 теңге; ал рубль 5,85–6,25 теңге аралығында саудалануда.
Ал Алматыдағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы 481,78 теңге, сату – 484,10 теңге болса, еуро 555,67–561,30 теңге аралығында. Ресей рублі 5,81–6,01 теңге шамасында өзгеріп тұр.
Шымкент қаласында доллар 482,17 теңгеден сатып алынып, 484,25 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 554,83–561,00 теңге аралығында болса, рубль 5,83 теңгеден қабылданып, 5,95 теңгеден ұсынылуда.
Демалыс күндеріне белгіленген ресми валюта бағамдары бойынша: 1 доллар – 482,33 теңге, 1 еуро – 557,57 теңге, ал 1 рубль – 5,74 теңге.
20 наурыз күнгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа салмақты бағамы 482,33 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,38 теңгеге өскен.
Kazinform мәліметіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарды жариялады.
