Әлеумет және қоғам

Абай облысында далада 5 күн қалған малшы құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары Абай облысында далада 5 күн бойы қалып, аяғын сындырған малшыны тапты. Ол іздеу жұмыстары барысында аман-есен табылып, медициналық көмек алу үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары далада 5 күн бойы қалып қойған малшыны аман-есен тапты, деп хабарлайды деп хабарлайды ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасаған Qandastar.kz.

Малшының жоғалғаны туралы хабар 21 наурызда түсті. 1969 жылы туған ер адам 17 наурызда Абай облысы, Абай ауданының шаруа қожалығынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Оның орналасқан жері белгісіз болып, телефоны сөндірілген болатын.

“Іздеу жұмыстарына ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және туыстары жоғары өтімді техникамен жұмылдырылды. Бүгін таңертең іздеу тобы малшыны далада тауып алды. Ер адамға ыстық шай беріліп, жарақаттанған аяғы таңылып, медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді”, – деп хабарланды.

Хабарға сәйкес, бес күн бұрын малшы далада атпен жүрген сәтте атты тұрғызуға әрекет жасап, бірақ аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Осыдан кейін ол далада жалғыз қалып, қар мен табиғи жағдайларда күн көрген.

Back to top button