Әлеумет және қоғам

Мейрамханада робот-даяшы қызмет көрсетуде

Ақтөбе облысының орталығындағы мейрамханалардың бірінде ақылды робот даяшы әрі әкімші қызметін атқарып, қонақтарды қарсы алып, тапсырыстарды жеткізуде. Жаңа технология келушілердің қызығушылығын тудырып, әсіресе балалардың көңілінен шыққан.

Облыс орталығындағы мейрамханалардың бірінде қызмет көрсету саласына жаңа технология енгізіліп, робот-даяшы жұмысқа тартылған. Бұл ақылды құрылғы әкімші мен даяшының қызметін қатар атқарып, қонақтарды қарсы алады, мәзір ұсынады және дайын тағамдарды үстелдерге жеткізеді. Сонымен қатар, келушілермен қарапайым түрде байланыс орната алады.

Робот-даяшы келушілердің, әсіресе балалардың қызығушылығын тудырып, көпшіліктің көңілінен шыққан. Мейрамхана иесінің айтуынша, бұл бастама «Цифрландыру және жасанды интеллект жылын» қолдау мақсатында жүзеге асырылған.

Мекеме әкімшісі Орынбасар Орынбаевтың сөзінше, даяшылар планшет арқылы үстел нөмірін енгізеді, содан кейін робот тапсырысты тиісті орынға жеткізеді. Қажет болған жағдайда, оны басқа үстелге немесе әкімшіге бағыттауға да болады.

Толығырақ:

Back to top button