
«Қазақмыс» этноауылы Ұлытаудағы Наурыздың басты орталығына айналды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ұлытау облысында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті.
Жезқазған және Сәтбаев қалаларында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары мен «Қазақмыс» компаниялар тобының қызметкерлерін бір алаңға біріктірді.
Мереке қарсаңында компания бастамасымен құрылған этноауыл негізгі мерекелік орталыққа айналды. Қала орталығында 11 киіз үй тігіліп, әрқайсысында ұлттық дәстүр, қонақжайлық мәдениет және қазақы болмыс кеңінен насихатталды.
Бағдарлама аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, оған кәсіпорын қызметкерлері мен қала тұрғындарынан құралған командалар қатысты. Жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрады.
Мерекенің шарықтау шегі – «Қазақмыс» кәсіпорындары арасындағы «Үздік киіз үй» байқауы болды.
Нәтижесінде:
• I орын – Батыс Жезқазған кеніші
• II орын – Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасы
• III орын – «Жомарт» кеніші
Сондай-ақ бірқатар кәсіпорындар арнайы номинациялармен марапатталып, жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.



