Оның пікірінше, бұл жүргізушілерге қарсы қатаң шаралар қолдану қажет. “Былтыр депутаттық сауалымда жол ережесін жиі бұзатындарды қатаң жауапқа тарту керегін айтқанмын. Айыппұл төлеудегі жеңілдіктерді алып тастау және ереже бұзған жүргізушілерді емтиханды қайта тапсыруға міндеттеу ұсынылды. Бұл ұсыныстар Үкіметпен пысықталып, алдағы заң жобаларына енгізілетін болады”, – деді М. Қожаев Сенат отырысынан кейін журналистерге.
Сенатор статистикаға сүйеніп, жүргізушілердің 94%-дан астамы ережені сақтайтынын, ал қалған 5-6 пайызы жүйелі түрде бұзушылық жасайтынын айтты. Дәл осы топқа қатысты жауапкершілікті қатаңдату қажет.
Сонымен қатар, Марат Қожаев Алматыдағы ірі жол-көлік апатына қатысты пікір білдірді. “Үш адамның өмірін қиған апатқа әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарап жатыр. Полиция оны тексеруде, дәлелденген жағдайда кінәлілер жауапқа тартылады”, – деді сенатор.
Еске салсақ, бұған дейін М. Қожаев жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілердің айыппұлдарын көбейту керегін айтқан болатын.
Толығырақ: kazinform.kz.



