Экономика және бизнес

Қазақстан қалаларында валюта бағамы өзгерді: доллар арзандады

27 наурыздағы мәлімет бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалаларында доллар, еуро және рубль бағамы жаңартылды. Соңғы тәулікте доллар құны 6,59 теңгеге төмендегені байқалды.

27 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының орташа бағамы жарияланды. Бұл туралы Qandstar.kz Kurs.kz деректеріне сілтеме жасап хабарлады.

Алматы қаласында долларды сатып алу бағасы шамамен 482,5 теңге болса, сату құны 483 теңгеге жеткен. Еуро 557–561 теңге аралығында, ал рубль 5,85–6,1 теңге шамасында саудалануда.

Астанада доллар 479 теңгеден сатып алынып, 486 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 553–563 теңге аралығында, рубль 5,6–6 теңге шамасында.

Шымкентте доллар 482,5–484,5 теңге аралығында, еуро 556–562 теңге деңгейінде. Ал рубльдің бағасы 5,85–5,92 теңге аралығында қалыптасқан.

Сондай-ақ соңғы тәулікте доллар бағамы 6,59 теңгеге төмендегені байқалады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button