«Қазгидромет» синоптиктері бірқатар қала тұрғындарына ауа сапасына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Мәліметке сәйкес, 27 наурыз күні Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Петропавл және Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін.
Мұндай жағдайлар кезінде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлайды. Бұған көбіне желдің әлсіз болуы, тұман мен тымық ауа райы себеп болады.
