Әлеумет және қоғам

Қазақстан 28 наурызда «Жер сағаты» акциясына қатысады

28 наурызда сағат 20:30-да Қазақстанда үйлерде, кеңселерде және көшелерде жарық бір сағатқа сөнеді. "Жер сағаты" акциясы WWF ұйымдастыруымен өтеді және планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Қазақстанда акция 17-ші рет өткізіліп, елдің танымал нысандарының жарығы да өшіріледі.

28 наурызда Қазақстан тағы да әлемдік экологиялық бастаманың бір бөлігі болады – «Жер сағаты» акциясы өтеді, деп хабарлайды Qandastar.kz Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да үйлерде, кеңселерде және көшелерде жарық бір сағатқа сөнеді.

«Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ұйымдастыруымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық акция. Оның мақсаты – әрбір адамды планетаның болашағына жауапкершілікпен қарауға шақыру, электр энергиясын үнемдеуге назар аударту. Әлемнің ең танымал ғимараттары мен ескерткіштерінің жарығы да акция кезінде өшеді.

Бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам, 180 елдің 7 000 қаласының тұрғындары акцияға қатысады. 2026 жылы акция 19-шы рет, ал Қазақстанда 17-ші рет өткізіледі.

Елдегі акция кезінде жарық өшірілетін негізгі нысандардың қатарында:

  • «Бәйтерек» монументі
  • «Астана Опера»
  • Әзірет Сұлтан мешіті
  • Тәуелсіздік Сарайы
  • «Астана Арена» стадионы
  • «Алау» мұз айданы
  • «Қазақстан» қонақ үйі
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қатысқыңыз келсе, 28 наурызда сағат 20:30-да шамдар мен электр құралдарын бір сағатқа өшіріңіз.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button