Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ұлытау облысында 10 басшы құмар ойынға қатысқаны үшін қызметінен айырылды

Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылу фактілерін анықтады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қадағалау органы жүргізген талдау нәтижесінде 36 мемлекеттік қызметшінің, оның ішінде 10 басшының букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды.

Олар «Olimpbet» және «1XBET» платформаларында бәс тіккен.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған.

Бұл талап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін сақтау мақсатында енгізілген.

Прокурорлық қадағалау актісі қаралғаннан кейін аталған қызметшілер жұмыстан босатылды.

Прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын тұрақты бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button