Жетісу облысы Талдықорған қаласында көшенің қақ ортасында жас жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиғаның видеосы желіде тарады.
Жетісу облыстық полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 30 наурыз күні кешке бұрын таныс адамдар арасындағы дау төбелеске ұласқан.
Оқиға кезінде жәбірленуші пышақ жарақатын алып, қайтыс болған.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Оқиғадан кейін дереу жүргізілген тергеу шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.



