Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанда пилотсыз автокөліктер сынағы 2026 жылдың ІІ тоқсанында басталады

Қазақстанда пилотсыз автокөліктерді енгізу бағытындағы ауқымды жоба іске қосылады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, елде халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен жүргізушісіз көліктердің эксперименттік жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобаны іске қосу 2026 жылдың екінші тоқсанына белгіленген.

Министр пилотсыз технологияларды дамытуға ерекше басымдық беріліп отырғанын атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстанда мұндай инновацияларды енгізуге қажетті инфрақұрылым кезең-кезеңімен қалыптасуда.

Сонымен қатар, жеке бастама аясында жеткізуші дрондарды пайдалану бойынша пилоттық жобалар іске асырылып жатыр. Бұл шешімдер қалалық мобильділік пен логистика саласында жаңа модельдерді сынауға мүмкіндік береді.

Сарапшылардың пікірінше, пилотсыз көліктерді енгізу жол қауіпсіздігін арттырып, көлік ағындарын тиімді басқаруға жол ашады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button