Қостанай қаласында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған бір топ азамат полиция қызметкеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға қызметтен тыс уақытта болған.
Полиция қызметкері кәмелетке толмаған балаларымен бірге жүрген сәтте алкогольдік масаң күйдегі азаматтардың агрессивті әрекеттеріне куә болған.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырып, ескерту жасағанымен, құқық бұзушылар оған қарсы ашық түрде агрессия танытып, физикалық күш қолданған.
Жедел әрекет ету нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, сол жерде ұсталды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес билік өкіліне күш қолдану дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
Құзырлы органдар полиция қызметкеріне қол сұғу — заңға қайшы әрекет екенін және мұндай құқық бұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заң аясында толық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.



