
Батыс Қазақстан облысында оқушылар мінген автобус жол-көлік оқиғасына тап болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға Подстепное кенті маңында Самара – Шымкент республикалық автожолында болған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, маршруттық автобус мектеп автобусымен соқтығысқан.
Соққы салдарынан оқушылар отырған автобус инерциямен алда тұрған тағы бір көлікке соғылған.
Жол апаты нәтижесінде зардап шеккендер бар, олардың арасында балалар да бар.
Қаза болғандар тіркелген жоқ.
Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.



