2026 жылдың сәуір айының басында Қазақстанның ірі қалаларында күн күрт жылынып, жазға тән ауа райы орнайды. Синоптиктердің алдын ала болжамына сәйкес, Алматы қаласында ауа температурасы +29°С-қа дейін көтеріледі. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Еліміздің басқа өңірлерінде де күн жылынады. Шымкент қаласында ауа температурасы +30°С-қа дейін жетуі мүмкін. Алайда кейін жаңбыр жауып, ауа райы сәл салқындайды. Ал Астана қаласында жауын-шашын күтіліп, күндізгі температура +22°С шамасында болады.
Астанада 2–4 сәуір аралығында ауа райы ауыспалы бұлтты болады. Түнде температура +2…+8°С аралығында сақталып, күндіз +18…+22°С-қа дейін көтеріледі. 4 сәуірде жаңбыр мен найзағай күтіледі, желдің екпіні 14 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Алматыда бұл күндері күн жылы әрі жайлы болады. Түнгі температура +12…+15°С шамасында, ал күндіз +25…+29°С-қа дейін көтеріледі.
Шымкентте де алғашқы күндері ыстық сақталады: күндіз +28…+30°С. Бірақ 3–4 сәуірде жаңбыр мен найзағай күтіліп, температура +19…+27°С аралығына дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы кей уақытта 20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Айта кетейік, бұл – алдын ала жасалған болжам, сондықтан ауа райы өзгеруі ықтимал.
Толығырақ: Zakon.kz.



