Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«ВИЧ-пен ауырады»: Алматыда жасөспірім қызды зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген айып тағылған 42 жастағы ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Желідегі ақпарат бойынша, ер адам ВИЧ-пен ауырады.

Қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта қаралды.

Сотталушыға қатысты ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс жабық форматта өтті.

Сотпен анықталғандай, 2025 жылы ер адам кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

«Х.-ның кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінімен берілген айғақтарымен, сондай-ақ сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді», — делінген сот материалында.

Сот ер адамды тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button