
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты тағы бір мәлімдеме жасады.
Америка басшысы алдағы апталарда әскери әрекеттер болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оның сөзінше, АҚШ әскері «өте қуатты соққы» жасауға дайын.
«Бүгін мен нақты айта аламын: біз жоспар бойынша әрекет етіп жатырмыз және өте жақын арада Американың барлық әскери міндеттерін орындаймыз. Біз қарсы тарапқа өте қуатты соққы жасаймыз. Екі-үш апта ішінде оларды тас дәуіріне қайтаруды көздеп отырмыз», — деді Трамп.
Саясаткердің мәлімдеуінше, Иран ядролық нысандарын қалпына келтіруге әрекет жасаса, АҚШ қайта соққы беруге дайын.
Сонымен қатар, ол мұнай инфрақұрылымына соққы әзірге жоспарланбағанын, алайда қажет болған жағдайда мұндай қадам жасалуы мүмкін екенін жеткізді. Трамп қақтығыстың ең күрделі кезеңі артта қалғанына сенім білдіріп, жағдай тұрақталған соң Ормуз бұғазы ашылатынын айтты.
Бұдан бөлек, Вашингтонмен келісімге келмеген жағдайда Иранның электр станциялары жаппай жойылуы мүмкін екенін ескертті.



