Жаңалықтар

Алматы да заңсыз мигранттар қаптап жүр

«Алматы да 24 шілдеден басталған  «Мигрант»  жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шықты,»- деп хабарлайды,  Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

«Негізгі мақсаты  Алматы қаласында қылмыс жағдайдын азайту,  заңсыз жүрген  тұлғаларды бақылау  сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын жолын кесу болып табылатын іс шара нәтижелі еңбектенуде.  Бір Алматы қаласы бойынша ғана,   әкімшілік алымдар көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін , «OPM нәтижесінде»  заңсыз мигрант  1 000 232 адам, оның ішінде 1 000 065 шетел азаматтары тартылды.  Сот  шешімімен елден 178 шетелдік азамат шығарылды. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін, 133 жеке және заңды тұлғаларға  әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 11-іс  сотқа дейінгі тергеуге  тіркелді. Олардың барлығы сот шешімінің орындалмау фактілері бойынша қозғалды », — деп хабарлады Ішкі істер департаментінің полиция бөлімінің бастығы Жандос Тұрысбеков.

Алматы қаласының ІІД  мен мемлекеттік органдар бірлесе шетелдіктер өмір сүретін тұрғын аудандардың, қонақ үйлер  және жатақханалар, соның ішінде сауда үйлері, кафе, барлар, мейрамханалар, ойын-сауық орындары, қала базарларына, жақын маңдағы аудандарда,  болып  олардың  жұмыстары мен заңды құжаттарын жіті бақылауға алды. Бұл өз кезегін де ірі мегополиске айналған Алматы қаласындағы  қылмыстың алдын алу, еңбек мигранттарын заңсыз пайдаланып жүргендердің ісін әшекерелеу болып табылады.

«Полиция тұрақты түрде қаладағы көші-қон жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылдайтындығын атап өту керек. Айтпақшы, тексеру барысында 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Алматыға келген  212 000  шетел азаматтарын ұстап,  21 мыңнан астам әкімшілік жауапкершілікке  тартылып елден қуылды.  Соның ішінде 23 мыңнан астам еңбек мигранттары заңдастырылды », — деп түсіндірді Жандос Тұрысбеков.

Аида ҚОЖМАМБЕТОВА

 

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close