Жаңалықтар

«Терроризм» соғыс ошағының қайнар көзі

   Исламға жағылған күйе

Қазіргі таңда исламға «изм», «террор» жағымсыз айдарлар тағылуда. Исламға бұлардың ешқандай қатысы жоқ,  терроризм – ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.  Қазақстанда  2013  жылы  65,  2014 жылы  52 лаңкестік оқиға тіркелеген екен, бірақ көп қылмыс ашылмай қалған  бұл туралы  ҚР Бас Прокуротурасы хабарлады. Негізгі себепкер теріс ағымның жетегінде кеткендер екені айтпаса да түсінікті.  Бүгінде тыйым салынған діни ағымдардың әлеуметтік желілерде 10 мыңнан астам аккаунты бар. Сондықтан жастарымыз лаңкестердің арбауына түсіп,  жат ағымның жетегінде Сирияға қақтығыс аумақтарына кетіп жатыр.  Ресми ақпарат көздеріне сүйенсек бүгінде Сирияда жүрген Қазақстандықтар саны 500-ге жеткен. Оның 60 пайызы қыз-келіншектер.  Осы ретте терордың алдын алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу де үкіметте,  үкіметтік емес қоғамдық  ұйымдарда қалыс қалмай отыр.

Жастар адаспасын десек

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен   «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Азаматтық борыш»  жобасы аясында 10-тамыз күні «Батыр» Гвардиясында «Елді қорғау басты міндет» атты тақырыпта шара өтті.  Мақсаты – Ауған соғысы тарихы негізінде мемлекетке терроризмнің тигізетін зардаптарын ашып көрсету, жастарды Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің өмір жолын, өткен тарихты еске алу арқылы патриотизмге тәрбиелеу.

Шараның құрметті қонағы ретінде Ауған соғысының ардагерлерлері Баймолдинов Серікбай Кеңесбайұлы, Әбдіқалықов Әділ Бектасұлы,  Дәркенбаев Байдәулет Құрманқожаұлы, Сағындықов Өмірбай қатысты. Бас аяғы алпысқа жуық офицерлермен сарбаздар қатысқан шара да от пен оқ арасынан келген ардагерлер өз тәжрибилерімен бөлісіп, өмірбаяндарын айтып берді.

«Мен Сағындықов Өмірбай 1965 жылы Өзбекстанда Нөкіс қаласында дүниеге келдім. 1984-86 жылдары Ауғаныстан да әскери борышымды өтедім. Менің қызметім күзет бөлімінде еді. Жасым небәрі 19 жаста болатын, күн ыстық шекеден ұрады. Бірақ жастық буы ма  ешнәрсеге қарамайтынбыз, қазір ойлап қарасам кәдімгідей ажал қасымызда жүрген екен. Сол кезде түсіндік діни фанатизмнің неге апарып соғарын,  дінге қатты беріліп кету зардабынан  осынша бір мемлекетті күйреткеніне куә болдық.  Бүгінгі күні  Сирия да осындай сынақтардан өтіп жатыр, өкініштісі біздің қазақтың қаракөздері   өздерін «шахид» деп қойып алған діни фанаттармен бірге  сол Сирияда қолына қару алып жүргені. Бұған қалайда бір тоқтау болары сөзсіз. . Жастар адаспасын десек ең алдымен ұл мен қыздың не істеп жүргенін қадағалау керек, сонымен қатар идеалогиялық шаралар көптеп жасалуы тиісті. Бүгінгі Адырна ұйымының жасап отырғаны біраз жасқа сабақ болды деп ойлаймын.»

Өз кезегінде тағылымды әңгіме соңында сұрақ қоюға асыққан сарбаздар әкелерінің ағаларының ауған соғысына қатысқанын айтып,  ол кісілерден де алған біраз мағлұматтармен бөлісті.

«Менің әкемнің ағасы небәрі 18 ге толғанда Кабул қаласында дүниеден озды. Баласын аяқпен жіберіп, табытпен қарсы алған қандай ауыр, сол қайғыдан кейін есін жимастан әкемнің анасы да ана дүниеге кете барды. Шиеттей баламен қалған атам біздің қызығымызды көрді, бір немересіне жарының, маған қаза тапқан ұлының есімін қойып кетті»- көзіне жас ала айтқан сарбаз әңгімесіне біраз тебіреніп қалдық.

Аида КОЖМАМБЕТОВА 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close