
Қазақстанда уақыт белдеуіне қатысты петиция 45 мыңнан астам дауыс жинады. Бұған дейін 50 мыңнан асса, уақыт белдеуі өзгеретіні айтылды. Межеге жеткен кезде уақыт белдеуін өзгерту қалай жүргізіледі?
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин сұраққа жауап берді.
Петиция 50 мың дауыс жинаған кезде біз арнайы жұмыс тобын құрамыз. Мемлекеттік органдармен, сарапшылармен бірлесіп қарастырамыз, — деді ол.
Жұманғарин “Уақыт белдеуінің өзгеруі шын мәнінде мүмкін бе?” деген сұраққа ойын айтты.
Ең алдымен петицияның 50 мың дауыс жинағанын күтейік. Сол кезде жұмысты бастаймыз, — деп қысқа қайырды ол.