Оралман куәлігі

Оралман мәртебесі ұзартылады

Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының көші-қон бөлімі қала тұрғындарына мына жағдайды хабарлайды: Елбасы 2018 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң 28 сәуірде ресми ақпарат құралдарында жарияланып, қолданысқа енгізілді.
Аталған заңға сәйкес, халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі №477-IV Заңының бірнеше баптарына өзгеріс енгізілді. Соның ішінде21-бапқа өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Бұл бап оралман куәлігінің қолданыс мерзімі тоқтатылған оралмандар үшін тағы бір мүмкіндік берілген қуанышты жағдай болып отыр.
21-баптың 2-тармағында «Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді, немесе ұзартады, немесе беруден немесе ұзартудан уәжді түрде бас тартады.» — деп көрсетілген. Яғни, оралман куәлігін алып, бір жылдың ішінде жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа құжаттарын өткізе алмаған оралмандар, куәліктің қолданыс мерзімі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде ұзартуға өтініш бере алады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап алты ай өтпеген оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган үш айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды. Ұзартуға өтінішті мемлекеттік орган немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беруге болады.
Алматы қаласында тұрақты тіркеуде тұратын оралмандар ұзартуға өтінішті Төле би көшесі 155үй мекенжайында орналасқан Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына, немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш білдіре алады.

К.Галиева,
Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек
инспекциясы және көші-қон
басқармасы Көші-қон
бөлімінің басшысы.


Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close