Әлем жаңалықтары
Соңғы жылдары елдің зәресін алған терактілер қайда орын алды?
Фото: ult.kz
Тәуелсіз Қазақстан тарихының беттерінде оннан астам лаңкестік әрекет орын алып, 100-ге жуық адам қаза тапты. Олардың едәуір бөлігі діни себептермен жасалған.
Біріккен Ұлттар Ұйымы терроризмді «жалпы жұртшылық, топ немесе жеке тұлға арасында саяси мақсатта террорлық ахуал туғызуға бағытталған немесе есептелген қылмыстық әрекеттер» деп анықтайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жан түршігерлік қылмыстарды ақтауға болмайды деп санайды. Кез келген заңға қарсы және деструктивті әрекеттердің, оның ішінде қасақана арандатушылықтың жолын кесу қатаң түрде жүргізіледі.
Соңғы 2 жылдағы әлемдегі ең атышулы лаңкестік әрекеттерді еске түсірейік.
Күні кеше, 23 маусым кешкі уақытта Дағыстанда екі теракт жасалды. Содырлар бір уақытта Махачкала мен Дербентке белгісіз біреулер автомат қаруымен шіркеу мен синагоганы, сондай-ақ жол полициясы бекетін атқылаған. Шабуылдан соң синагога өртке оранды. Террорлық акт салдарынан 15 полиция қызметкері қаза тапты. Ондаған адам жарақат алды. Интерфакстың хабарлауынша, осы уақытқа дейін 6 лаңкестің көзі жойылған. Республикада жедел штаб құрылды. Ресейдің ұлттық Терроризмге қарсы комитеті Дағыстанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілгенін хабарлады: республикаға кіру және шығуға рұқсат жоқ.
Крокус Сити Холлдағы теракт
2024 жылдың 22 наурызында кешке Crocus City Hall концерт залында камуфляж киген бес адам ғимараттағы адамдарға оқ жаудырды. Кейінірек екі жарылыс естілді. Осыдан кейін концерт залында өрт шықты. Шабуыл салдарынан кем дегенде 145 адам (оның ішінде алты бала) қаза тауып, 551 адам жарақат алды. Жарылыстар мен өрт салдарынан концерт залының ғимараты толығымен дерлік қирады.
Бұл шабуыл қазіргі Ресей тарихындағы ең ірі терактілердің бірі болды, құрбан болғандар саны бойынша Бесландағы терактіден кейінгі екінші орында тұр.
Кермандағы теракт
Керман шабуылы Керман қаласында 2024 жылдың 3 қаңтарында сәрсенбі күні Қасем Сүлейманидің өлтірілуінің жылдығына арналған салтанатты шара кезінде қала зиратында орын алған екі жарылыс болды. Кем дегенде 94 адам қаза тапты. 284 адам жарақат алған. Иран үкіметі жарылыстарды теракт деп жариялады.
Пешавардағы теракт
Пешавардағы лаңкестік әрекет – Пешавар қаласындағы (Хайбер-Пахтунхва, Пәкістан) шииттер мешітінде 2023 жылғы 30 қаңтарда, дүйсенбіде, түскі намаз кезінде жанкешті шабуыл жасады. Кем дегенде 84 адам қаза тауып, 200-ден астамы жарақат алды.