ӘлеуметҚР азаматтығын алуОралман куәлігі

Оралман мәртебесі азаматтық алуға кедергі болмауы керек

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қолға алынған «Отан оттан да ыстық» жобасы өз нәтижесін беріп жатыр. Жоба барысында кейбір қандастарымыз ала алмай жүрген құжаттарын алса, кейбірі тегін құқықтық кеңеске жүгініп, делдалсыз жұмыс жолдарын түсінді.
Әсіресе, Алматы облысы, Шелек ауылындағы кейбір қандастар үшін тиімсіз қиыншылықтарды көзбен көріп келген жоба мүшелері мән-жайды бірден жоғарыға жазған еді. Ондағы жемқорлық фактілерін, қызметкерлердің дөрекілігі, делдалдық жүйенің қалыптасуы сияқты бір қатар проблемаларды көтерген болатынбыз. Нәтижесінде, араға ай салмай жатып облыстық көші-қоннан «Шелек мәселесі» бойынша тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

Енді міне министрліктен хат келіп жатыр. Демек, бұл – үкіметтің, құзырлы органдардың қандастар мәселесіне бей-жай қарамайтыны. Тек проблема жоғары жаққа жүйелі, нақты жетпейтіндігі және Елбасының қатаң тапсырмасының нәтижесі деп білген жөн. Ендігі кезекте «оралман мәртебесінің уақытын ұзарту немесе оралман мәртебесі азаматтық алуға кедергі болмауы керек» — деген ұсынысымызды ҚР парламенті қабыл алса, нағыз сүйіншілейтін күн туар еді. Яғни, біз оралман куәлігінің уақыты өтіп кетуіне байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған қандастың азаматтыққа зар болып жүргені туралы парламентке ұсыныс хат жолдаған болатынбыз. «Адырна» бірлестігінің бұл ұсынысына жауап әлі келмеді. Бірақ қандайда бір оң өзгеріс бола қалып жатса, қазіргі оралмандардың жапа-тармағай ҚР азаматы болып шыға келуіне 100 пайыз кепілдік болар еді. Елге келіп сабылып жүрген мыңдаған қандастың жан айқайын ҚР парламенті қараусыз қалдырмайды деген сенім басым. Егерде қандайда бір жағымды жаңалық бола қалса, өздеріңізден бірінші болып сүйінші сұрауға біз дайынбыз.

Құрметолла МҰХАМЕТХАНҰЛЫ, «qandastar.kz» үшін

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close