ӘлеуметХабар-ошар

Біздегі жақсы жаңалық

Ең бірінші қуанышты хабарды Роза Отанбек атты қандасымыз WhatsApp-желісі арқылы бөлісті. Естеріңізде болса осыдан бірнеше күн бұрын құжатсыз Розаның отбасылық қиыншылығы туралы ақпарат таратқан едік. Және жергілікті басшыларға аталған отбасыға көмек беру туралы ұсыныс білдіргенбіз. https://qandastar.kz/?p=757 “Жақсы, бәрін қатырамыз” – деген әкімшілік қызметкерлері бүгін нақты жұмыс атқарыпты. Яғни,бүгін Зере Берзаттың бала арманы орындалып, өзгелер сияқты ол да мектеп табалдырғын аттапты.

Телефон арқылы хабарласып, қуанышын бөліскен отанасы: “Қызыма киім-кешекті өзіміз алдық. Әкімшілік тек оқуына рұқсат алып берді. Ертең барлық балаларымның егілмеген екпесін салдырып, денсаулықтарын толық тексеруден өткізетін болды” – деді.

Осылайша кішкентай Зеренің қуанышына ортақтасып, құттықтап жатқанда Алматы облысы ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Е.Алтаев мырзадан хат келіп тұр.
Мазмұны төмендегідей:

Сіздің Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер басқармасына қарасты Шелек кенттік полиция бөлімінің көші-қон қызметіне қатысты жолдаған шағымыңыз бойынша Алматы облысы ІІД Көші-қон қызметі басқармасымен қызметтік тексеру жүргізілді.
Қызметтік тексеру барысында, шағымыңызда көрсетілген Еңбекшіқазақ АІІБ Шелек КПБ көші-қон қызметінің ғимаратында мекеменің атауы көрсетілмегені, мемлекеттік тудың жоқтығы жәнеде құжаттарды заңды мерзінен кешіктіруі, құжаттарды тапсырған тұлғалаларға түбіртек берілмегені, қызметкерге көмекке келген студенттердің джинсы-шорты кигені анықталды.
Еңбекшіқазақ АІІБ Шелек КПБ-нің көші-қон қызметініне қатысты мемлекеттік қызмет көрсету лауазымдық міндеттер бойынша Шелек КПБ көші-қон қызметінің инспекторы Д.Қожановқа жүктелген.

Д.Қожанов түсінігінде барлық көрсетілген кемшіліктердің жіберілгенін мойындап, құжаттануға тапсырған азаматтардың көптігінен құжаттарды тіркеуге үлгермейтінін көрсетті. Сондай-ақ, жалғыз жұмысқа үлгермей жатқандықтан, Шелек ауылындағы заң колледжінің студенттерін іс-құжаттарды тігуге шақырған, мемлекеттік туды тек бірінші басшы отыратын ғимаратқа ғана ілінетінін көрсетті.



Сондай-ақ хатта “жіберген кемшіліктері үшін инспектор Д.Қожанов қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды” – делінген.



Дәл осыған ұқсас хатты бірнеше күн бұрын министрліктен келгенін хабарлаған едік.

Оралман мәртебесі азаматтық алуға кедергі болмауы керек

Яғни, жүйелі арыздана білсеңіз мемлекет жауапсыз қалдырмайды. Сіздің құқығыңыз туралы бір-бірімен “жауласқан” қоғамдық ұйымдардан көрі, өзіңіздің қам жасағаныңыз абзал. Бітпеген құжат үшін делдалға емес, басшылыққа жүгінгеніңіз жөн болар еді. Кез келген құжаттық келеңсіздіктер жайлы жоғарғы орындарға өз қолыңызбен арыз-өтініш ретінде жолдап отырсаңыз ең дұрыс жолы болар еді. Әсіресе, жұмыс бабындағы асыра пайдаланушылық, дөрекілік, жемқорлық, т.б. көптеген кедергіліктерді мәлімдеу арқылы ғана жоя алатын боламыз. Ұрпағымыз – ұлы мұратты, қандастың бәрі құжатты болсын!
Құрметолла МҰХАМЕТХАНҰЛЫ, QANDASTAR.KZ үшін.


Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close