Әлем жаңалықтары

Путин мен Ердоған Қазақстанда келіссөздер жүргізуі мүмкін

Фото: Sky News

 

Жақын арада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Астанада кездесуі мүмкін. Бұл туралы Habertürk телеарнасына берген сұхбатында Түрік СІМ басшысы Хакан Фидан мәлімдеді.

Министр, Ердоған және Путинмен 2-4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында келіссөздер жүргізетінін атап өтті.

Телеарна дереккөздерінің хабарлауынша, түрік көшбасшысы ресейлік әріптесімен Украинадағы жағдайды және екіжақты мәселелерді, атап айтқанда Түркияда газ хабын салуды талқылауға үміттенеді.

Сондай-ақ, Хакан Фиданның айтуынша, Түркия олардың елдеріне Ресей Президентінің  ресми сапарын күтуде.

«Біз Путин мырзаның Түркияға сапарын күтеміз. Президент Ердоғанның шақырулары ашық болды. Оларда және бізде сайлау процесі болды. Менің ойымша, бұл мәселелер алдағы күндері талқыланады», – деді Түркия СІМ басшысы.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков РИА Новостиге Путин мен Ердоғанның Қазақстан астанасында кездесу мүмкіндігі пысықталып жатқанын растады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close