ЖаңалықтарҚР азаматтығын алу

Қандастар мәселесі кезекті рет талқыланды

15 қыркүйек «Темучин» мейрамханасында қандастармен кезекті кездесуіміз өтті. Жиынға 80-ге жуық адам қатысып, өз мәселелерін ортаға салды. Мұнда да сол бірінші болып оралман мәртебесінің бітпейтін жыры талқыға түсті. Жиналғандар үкіметтің бұл түйткілді оңтайлы шешудің жолын ұсынуды күтетіндіктерін жеткізіп отыр. Сондай-ақ, қандастар арасындағы келесі бір қиындық – Қытайдағы отбасы мүшелерін немесе туысқандарын қалай шақыру хақында болды. Жиынға Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Оспанова Кульзифа Жанғазықызы мен «Кеш» құқық қорғау орталығының заңгері Кәмшат Есмұхамбетқызы қатысып, оралмандардың қазіргі құжаттық қиыншылықтарына байланысты сұрақтарға жауап берді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close