Әлеумет

Оралмандарға кепілдік берілген тегін медициналық көмек көзделген бе?

Жаңартылған күні: 26 шілде 2018 – 11:08
Жауап:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексінің 34-б. 1-тармағына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді қамтиды.

Толық сілтеме: http://www.adilet.gov.kz/kk/faq/oralmandarga-kepildik-berilgen-tegin-medicinalyk-komek-kozdelgen-be

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close