Әлеумет және қоғам
Көшіп келушілердің ҚР-ға келуінің, кетуінің, онда болуының шарттары қандай?
Жаңартылған күні: 26 шілде 2018 – 15:34
Жауап:
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының 6-бабына сәйкес Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келуінің, кетуінің, онда болуының тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Келудің және болудың визасыз режимі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, заңды паспорттары немесе оларды ауыстыратын құжаттары бойынша келеді.
Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге визаны ұлттық қауіпсіздік органымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері береді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге визаны ішкі істер органдары береді.
Көшіп келушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткеннен кейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті. Көшіп келушілер тұратын жерлері өзгерген жағдайда, бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шыққан күннен бастап, күнтiзбелiк бес күн iшiнде тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндетті.
Көші-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кеткен кезде тапсырылуға жатады.
Толық сілтеме: http://www.adilet.gov.kz/kk/faq/koship-kelushilerdin-kr-ga-keluinin-ketuinin-onda-boluynyn-sharttary-kanday