Әлем жаңалықтары

Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығы туралы не айтты?

Қазақстанға мемлекеттік сапары алдында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарына арнап авторлық мақала жазды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Онда Қытай басшысы екіжақты сауданың дамуы, визасыз режимнің артықшылықтары туралы айтып, Қазақстанның тәуелсіздігін қолдауға уәде берді. Си Цзиньпиннің мақаласын «ҚазАқпарат» агенттігі жариялаған.
«Мен зор үміт артып отырған алдағы сапар жаңа Қазақстанның жетістіктері мен бүгінгі келбетіне сүйініп қарап, тамсануға ғана емес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылап, ШЫҰ-ны әрі қарай дамытудың және қытай-қазақ қарым-қатынасының басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді», – деп жазады Си Цзиньпин.
Қытай басшысы екі елдің экономикалық байланысы мен сауда-саттығының маңызы жоғары екенін атап өтеді. Қазіргі кезде Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып отыр.
– Екіжақты сауда-саттықтың былтырғы көлемі рекордтық деңгейдегі 41 млрд АҚШ долларына жетті. Қытай – Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып отыр және қазақстандық тауарлардың ірі импорттаушысы. Жаңатас ЖЭС-і, Тұрғысын ГЭС-і, сияқты стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар табысты іске қосылды. Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары мен күрделі жөндеу аяқталды. Қытай-Қазақстан мұнай-газ құбырлары қауіпсіз әрі тұрақты негізде жұмыс істеп тұр, ауылшаруашылығы өнімдерінің барлық түрін жеткізуге байланысты кедендік рәсімдерді жеделдететін жасыл дәліз құрылды. Қытайлықтардың дастарханында Қазақстанның сапасы жоғары, экологиялық тұрғыдан таза ауылшаруашылығы өнімдері күн санап көбейіп келеді, – деді Қытай басшысы.
ҚХР төрағасының айтуынша, екі ел арасында жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды. Олардың ішінде жаңа қуат көздері, цифрлық экономика, жасанды интеллект, трансшекаралық электронды коммерция, авиация және ғарыш саласы бар.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close