Әлем жаңалықтары
Қытай компаниясы Шымкент мұнай өңдеу зауытына инвестиция салмақ

Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен CNPC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянмен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Қытай компаниясы Шымкент мұнай өңдеу зауытының шикізат көлемін жеткілікті қамтамасыз ету және Кеңқияқ – Атырау, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейтуге инвестиция салады.
Қытай билігіне қарайтын CNPC Қазақстанның мұнай-газ саласындағы көптеген ірі жобаға қатысады. Үкіметтің есебінше, CNPC Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіне $45 млрд астам қаражат салған, елде CNPC кәсіпорындарында 30 мыңнан астам адам еңбек етеді, олардың 98,3%-ы – қазақстандықтар.