Мәдениет

Жаңа адамдар бірінші жастар Конвентін өткізеді

13 шілде күні Астана қаласындағы ЭКСПО алаңында Жаңа адамдар бірінші жастар конвентін өткізбек, деп хабарлайды qandastar.kz.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бір алаңда алғаш рет азаматтық ұстанымы бар шығармашыл жастар «Қазақстан – бар ғұмырым!» деп жариялау үшін бас қосады.

Жиында бірегей білім беру бағдарламасы, үздік фестивальдар, акционисттер жарысы, танысу нүктелері және көлденең байланыстар рейтингі болады.

Оған елдегі белсенді жастар қатысуына болады. Ол үшін convention.kz сайтына тіркеліп, бейнежазба түсіру қажет. Онда «Мен неге Конвентке барамын?» сұрағына жауап беріп, әлеуметтік желіге #конвенткебарамын хэштегін белгілеп, Конвент кампусынан билет алу керек.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close