Қаржы және төлемдер

«Ажырасу көбейеді»: Дина Төлепберген несиеге қатысты заңға пікір білдірді

Фото: kyzylorda-news.kz
Танымал журналист Дина Төлепберген несиеге қатысты заң жобасына өз ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап жеке тұлғаларға жұбайының келісімінсіз несие беруге тыйым салу туралы шешім күшіне енеді.

“19 триллион қарыз. Қазақстандықтардың банкке берешегі бұл. Сенесіз бе, бұл сомаға 3 миллион-дай кобальт алуға болар еді. Утильсборсыз 4 миллион көлік.
Масқара… Қайтсек те, әйелі ерінің, ері әйелінің рұқсатынсыз қарыз ала алмайды енді. Заң 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Жұбайының рұқсатынсыз ерлі-зайыптылар несие ала алмайды. Талай әйел күйеуінің құмар ойынға алған қарызын жабу үшін несие алдық деп алдыма жылап келіп еді. Одан кейін жаңа заң шыққаннан кейін, ажырасу көбеюі мүмкін. Қалай болғанда да төрт сағаттық тойға төрт жыл төлейтін несие алмайық!”, – деді журналист.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close