Жаңалықтар

Қазақстанда шетелдік қандастарымызға арналған колл-орталық құрылды

«Қазақстанда шетелдік қандастарымызға арналған колл-орталық құрылды» — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Енді Отанға оралғысы келетін кез келген азамат хабарласып, барлық сұрағына бірыңғай орталықтан жауап ала алады. Бүгін «Отандастар» қоры мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы арасында қандастарға көмек берудегі өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. 1404 номері арқылы жұмыс істейтін жүйеге қоңырау шетелден телефоннан соққандардарға да, Қазақстаннан хабарласқандарға да тегін. Бір терезе қағидатымен қызмет көрсететін орталықта Қазақстан азаматтығын, оралман мәртебесін алу, әлеуметтік көмекке қол жеткізу, иммигранттардың жұмысқа тұруы туралы ақпарат беру үшін тиісті органдардың қызметкерлері жұмыс істейді. Енді әлеуметтік жобаның арқасында қандастарымыз бір сұрақ үшін алыс шетелден әуре болып келмей, мәселесін телефонмен тез-ақ шеше алады. Келешекте ватсап, телеграм мессенджерлері мен скайп желісінде де тікелей байланысу мүмкіндігі тумақ. Көмек үш тілде көрсетіледі. Колл орталықтан кейін бетпе-бет кеңес беретін қоғамдық қабылдау кеңсесі де ашылады. Қуанышбек ЕСЕКЕЕВ, «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Бүгін біз меморандум бойынша «Қызмет» деген контакт-центрді беріп жатырмыз. Сонда колл-центр ашамыз. Оншақты маман жұмыс істейді. Көп адамдар қай жаққа звондау керектігін білмейді. Бір номер болса соған звондап мәселесін шешіп, қызмет ала алады. А. Сейфулла

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close