Жаңалықтар

Қандастардың қала күніне тартуы

Үстіміздегі жылдың 27 сәуір сағат 16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Шұбар кентіндегі «COMFORT-HOTEL» қонақ үйінде елімізде жаңадан құрылған «Болат тұяқ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласының қала күніне орай «Қазанат» атшабарында өткізілетін «Ұлы далаға үлес» атты ұлттық ойындарына қатысты жиналыс өтеді.
Іс-шарасының негізгі мақсаты үстіміздегі жылдың 6-7 шілде күндері өтетін дәстүрлі ойындардың талаптарын бекіту бойынша талқылау өткізу, әр өңірлерден келген мамандарының ұсыныс, ескертулерін тыңдау, дайындық жұмыстарын жүргізу және бәйге түрлерінің сыйлықтарын белгілеу болып табылады.
Іс-шараға елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, өнер адамдары, ұлттық спорттың мамандары мен жанашырлары қатысады.

Өткізілетін ұлттық ойын түрлері мыналар:
1. Әр ауылдың атқа мінер азаматтарының шеруі;
2. Бес түрлі қашықтықтан тұратын ат бәйгесі;
3. Некелі әйелдер жаяу жарысы;
4. Қара жердің қайығы (түйе жарысы);
5. Көкпар тарту;
6. Қолаң шаш қазақ арулар байқауы;
7. Алып күш иесі азаматтар сайысы;
8. Ұлттық қолөнер бәйгесі;
9. Ат сыншыларының жарысы (әр өңірден);
10. Қыз қуу, теңге ілу, арқан тарту, асық ату, тоғыз құмалақ т.б.;
11. Дәл басу;
12. Киіз үй көрмесі (жарыс түрінде);
13. Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі (жарыс түрінде).

Ұйымдастырушы «Болат тұяқ» қоғамдық бірлестігінің тең төрағалары
Жақып Баймолдаұлы, Нұрдәулет Нүбаракұлы.
Байланыс телефондары : 8777 592 5555, 8775 038 8188

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close