Әлем жаңалықтары

«Чанъань, Сиань» фильміндегі басты рөлді этникалық қазақ қызы сомдады

Бейжіңде қытайлық және қазақстандық студент қыздың махаббат тарихын баяндайтын «Чанъань, Сиань» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Бұл –  Қытай, Қазақстан және Иранның бірлескен жобасы, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Режиссер Чжан Чжун фильм «Бір белдеу, бір жол» бастамасының маңызын және адамзаттың біртұтас тағдырын бейнелеуді көрсете отырып, уақыттың қадірлі ұғым екенін баяндайтынын атап өтті. Басты рөлді сомдаған Әлима Қытайда өскен, бірақ этникалық қазақ. Ол осы рөл үшін қазақ тілін үйренген.

Фильм екі ел арасындағы ынтымақтастықтың, достық қарым-қатынасты қалай нығайтатынын көрсетеді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close