Жаңалықтар
Таза пайда — 134 млрд: Қарабаев ҚТЖ-ны табысты компания деп атады

Фото: el.kz
Көлік министрі Қарабаев «Қазақстан темір жолын» табысты компания деп атады. Оның айтуынша, ұлттық тасымалдаушының 2023 жылғы таза пайдасы 134 млрд теңгеге жеткен, — деп хабарлайды qandastar.kz.
«Компания 2020 жылдан бастап табысты болды. Ал бұған дейін тасымалдаушының жұмысында шығынды кезең болды. ҚТЖ-ға мемлекет тарапынан қаржыландыру болмағандықтан 2,9 триллион теңге қарыз қалыптасты. Мәселен, компания өз қаражаты есебінен локомотив паркін жаңартты», — деп түсіндірді министр.
ҚТЖ барлық несиелерін уақытында төлейді деп отыр Қарабаев.