Жаңалықтар

Бишімбаевқа тамақ арқылы тергеу изоляторына есірткі тасымалдаған – Ішкі істер министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Фото: aikyn.kz
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тергеу изоляторына тамақ арқылы есірткі тасымалданды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

7 шілдеде елорданың тергеу изоляторында белгісіз әйел тұтқынға марихуана қосылған голубцы әкелгені туралы ақпарат тарады.

Кейіннен бұл Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа арналған деген қауесет тарады.

“№64 мекемеде голубцы тағамының арасына салып, тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді. Алайда бұл деректің Бишімбаевқа еш қатысы жоқ”, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Осы оқиғадан кейін елордалық тергеу изоляторында тергеуде отырғандар мен сотталғандарға тартылған ет қосылған тағам әкелуге тыйым салынғаны хабарланды. Алайда, Ішкі істер министрлігі өнімге қатысты жаңа ережелер енгізілмегенін мәлімдеді.

Жазда тез бұзылатын азық-түлікті әкелуге тыйым салынады. Тергеу изоляторындағыларға туыстары мен жақындары сәлемдеме түрінде дайын азық-түлік әкелуі тиіс.

Айта кетейік, 13 мамырда Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 26 маусымда апелляциялық сот Бишімбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close