Қаржы және төлемдер

Қазақстандықтар жалақысының жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайды

Фото: ашық дереккөз
2024 жылдың бірінші тоқсанында әрбір қазақстандық азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға 131,3 мың теңге жұмсаған. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 6,7%-ға артық. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі finprom басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылдың бірінші тоқсанында азық-түлік пен сусынға жұмсалған қаражат жан басына шаққанда орта есеппен 123,1 мың теңге болып, жылдық өсім 21,1%-ға жеткен. Осыдан бес жыл бұрын, яғни 2019 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар азық-түлік пен сусындарға жан басына шаққандағы орташа есеппен небәрі 72,3 мың теңге жұмсаған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 44,9%-ға аз.

2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, тауарлар мен қызметтердің бағасы жылына 9,3%-ға, азық-түлік тауарлары – 7,5%-ға, ал тікелей азық-түлік және алкогольсіз сусындар – 7,2%-ға өсті.

Аймақтық жағдайға келетін болсақ, азық-түлік пен сусынға көп шығын жұмсайтын Алматы тұрғындары. Осы жылдың бірінші тоқсанында жан басына шаққанда 181,5 мың теңге, бір жыл бұрынғыдан 7,7%-ға артық. Ел бойынша орташа көрсеткішпен салыстырғанда алматылықтар 38,2%-ға көп жұмсады.

Екінші және үшінші орындарды Шығыс Қазақстан (152,1 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 4,1%-ға өскен) және Маңғыстау (146,7 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 6,7%-ға өскен) облыстары иеленді.

Азық-түлік пен сусынға аз ақша жұмсайтын өңірлер: Қызылорда (жан басына шаққанда 104,6 мың теңге), Ақтөбе (106,4 мың теңге) және Түркістан облыстары (110,4 мың теңге).

Еліміздегі 20 облыстың ішінде екі облыста – Ақтөбе және Алматы облыстарында ғана шығыс төмендеген: жан басына шаққанда 5,1%-ға 106,4 мың теңгеге, тиісінше 4,3%-ға, 124,3 мың теңгеге дейін.

Сала бойынша шығыстардың ең көп жылдық өсімі Жетісу облысында (19,8%-ға, жан басына шаққанда 141,3 мың теңгеге дейін), ең азы – Ақмола облысында (1,2%-ға, 112,4 мың теңгеге дейін) тіркелді.

Қазақстандықтардың азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсаған барлық шығындарының үштен бірі ет өнімдеріне тиесілі: жан басына шаққанда 43,3 мың теңге, бір жыл бұрынғыдан 6,4%-ға артық.

Сондай-ақ ел тұрғындарының сектордағы шығыстарының елеулі баптарын нан және жарма өнімдері (бір адамға 20,5 мың теңге, плюс бір жылға 8,6%) және сүт өнімдері (14,5 мың теңге, плюс 7,7%) құрады.

Ең қымбат азық-түлік санаттарының бестігіне жемістер (жан басына тоқсанына 11,6 мың теңге) және көкөністер (8,9 мың теңге) кірді.

Қазақстандықтар бір тоқсанда қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге 6,7 мың теңге, балық пен теңіз өнімдеріне 5,9 мың теңге, алкогольсіз сусындарға 5,8 мың теңге, жұмыртқаға 3,3 мың теңге жұмсаған.

 

 

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close