Жаңалықтар
Танымал журналист министрге шағымданды: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің сиқын көрдіңіз бе?
Фото: maksattolykbai инстаграм парақшасынан
Танымал журналист, саясаткер Мақсат Толықбай көлік министрі Марат Кәрімжанұлына үндеу жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
«Мұны жол деп айтуға келмейді. Азаптың азабы. Көлік министрі Марат Кәрімжанұлының назарына! Видеоны көріп шығыңыз! «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің сиқы осы…», – деп шағымданған.
«Жоғары жаққа, министерлікке, үкіметке медициналық бақылаудан (медрсмотр) тек меңіреу, көкірегі соқыр адамдарды жұмысқа ала ма деймін. Айтқанды естімейтін, естісе де ұқпайтын адамдарды ала ма деймін. Бұл жол туралы айтпаған адам жоқ , бірақ еститін адам жоқ», «Қарабұтақ – Бөгетсай – Хромтау – Ақтөбе осы ара 200 км сұмдық енді айтарға сөз жоқ! Халық әбден қиналды, соның кесірінен жол апаттары, тіпті адамдар дүниеден озып жатыр!», «Мына жолды Назарбаевтың командасының 50 дамыған ел қатарына енгізіп кеткен Қазақстанның жолы деу ұят», деп оқырмандары журналистің сөзін жақтап пікір қалдырды.