Жаңалықтар

Абай бол ағайын, арандап қалма

Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырады

ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабының тәртібінде үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 9 мамырда заңсыз митингке қатысуға үгіттеу жүріп жатыр. Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырған және қатысқандар жауапқа тартылатынын ескерткен болатын. Алайда 1 мамырда кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлері ескертуін елемей, заңсыз митингілерге шығып, әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді» делінген үндеуде. Сондай-ақ, ҚР Бас прокурорының орынбасары митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтінін атап өтті. Және де құқық бұзушылар заң алдында қатаң жауап беретінін ескертті. «Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады» делінген хабарламада.

Мақалаға толық сілтеме: https://www.inform.kz/kz/bas-prokuratura-azamattardy-arandatushylykka-berilmeuge-shakyrady_a3524457

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close