Жаңалықтар

TikTok арқылы танылған сарбаз президенттік полкке ауыстырылды

Коллаж: Sn.kz

TikTok желісіндегі видеосы 7 миллион қаралым жинаған мерзімді әскери қызметші Александр Землянкин Мемлекеттік күзет қызметіне ауысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұдан біраз уақыт бұрын TikTok желісіндегі «Army_aktau» аккаунтында сарбаздың ант берген видеосы жарияланған. Әлгі видео бүгінге дейін 7,5 миллионнан астам қаралған және оның астына 17 мыңнан астам пікір жазылған.

Видеода сарбаз туыстарының ешқайсысы ант беруге келмегенін айтқан. Жас жігіттің эмоциясы желі қолданушыларының эмоциясын тудырды. Бейнежазбаның астына 17 мыңнан астам пікір қалдырған. Кейінірек Lada.kz сайты видеоның авторы Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің басшысы, майор Нұрбол Шалабаев екенін жазды. 1 маусымда Александр әуе қорғанысы бригадасының 51809 әскери бөлімінде ант қабылдады.

Ал ҚР Мемлекеттік күзет қызметі  10 шілдеде Александрдың «Айбын» президенттік полкіне ауыстырылғанын хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 51809 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштерінің «Айбын» президенттік полкіне ауыстырылды», – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close