Жаңалықтар

Елордада №33 автобустың бағыты өзгереді

Нұр-Сұлтанда №33 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгін, 13 мамыр күні сағат 10:00-ден жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №33 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Қоғамдық көлік қозғалысы Ш.Бейсекова көшесінде 2019 жылдың 1 маусымына дейін тоқтатылады», — делінген Астана ЛРТ хабарламасында. №33 бағдар бастапқы «Сарайшық ТҮК» аялдамасынан бастап Ш.Бейсекова — Конституция көшесіне дейін өзгеріссіз, одан әрі К.Байсейітова көшесінен солға, одан әрі «Агрогородок» соңғы аялдамасына дейін қатынайды. Кері бағытта ұқсас сызба бойынша жүреді.

Ақпарат көзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/314508-elordada-33-avtobusty-ba-yty-zgeredi

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close