Жаңалықтар

«Жаңа адамдар» қозғалысы 7 мың жастың басын біріктіріп, тәжірибе арттыруына мүмкіндік сыйлады

13 шілдеде Астанада  «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен» Бірінші жастар Конвенті өтті. «Қазақстан – бар ғұмырым!» деген атауымен ерекшеленген шараның өзіндік атмосферасы бөлек болды. 

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша үміткерлердің жартысы ғана Конвентке билет алғанын айту қажет. Нәтижесінде  еліміздің 20 өңірінен келген 7 мыңнан астам қатысушы бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. 

Конвенттің басты фишкасы – мұнда мобильді қосымша және Конвенттің арнайы ішкі валютасы – DOS_coin ұсынылды. Алынған монеталарды конвент тауарларына, сарапшылардың жеке шеберлік сабақтарына, танымал қазақстандық брендтердің киімдеріне және басқа да бағалы сыйлықтарға айырбастауға жағдай жасалды.

Конвент алаңында «ЗНАКОМАТ» челлендждері де өтті. «Акционисттер жарысы» да әсерлі ұйымдастырылды.

 «Жаңа Адамдардың» 12 бірегей азаматтық науқаны мақсатты грант жариялауымен өзгеше. Жарысқа қатысушылардың арасында заңсыз қоқыс алаңдарымен, бұзақылықпен, дүкендерде мерзімі өткен тауардарды сатумен, әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықпен, құмар ойындарға тәуелділікпен, кәмелетке толмағандарға ішімдік сатумен және т.б. күресетін азаматтық науқандар бар.

Конвентте спикерлер де білім-білігімен алға шықты. Қатысушылар өзіне жақын дүниені таба алды: білім аймағы, ТикТок аймағы, үздіктер, тамақтану, би, streetart, музыка, гик мәдениеті және стиль аймақтары. Спортсүйер қауымға футбол, күрес, streetball, skateboarding/bmx және workout аймақтары қызық болды. 

Конвент соңында Ninety One, Dequine, Aikyn, BONAPART  өнер көрсеткен гала-концерт көпшілікті тәнті етті. 

Бұл маңызды шараны дәстүрлі түрде өткізу – қатысушылардың басты ұсынысы.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close