Жаңалықтар

Қазақстанда 19 миллиардтан астам бюджет қаражаты қолды болған

Фото: azattyq-ruhy.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Дмитрий Малахов көптеген заң бұзушылықтың бетін ашты, – деп хабарлайды  qandastar.kz.

Мәселен, құны 300 миллиард теңгеден асатын 35 мемлекеттік жобаның бағасы заңсыз көтерілгені анықталды. Қазір олардың құны шамамен 45 миллиард теңгеге қысқарып отыр. 19,2 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлау бойынша 111 факті белгілі болып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған қоса қазір елде алаяқтық өршіп тұр, азаматтар айдың-күннің аманында алданып, қолдағы қаржысынан айырылуда.

«Алаяқтық схемалардың жолын кесіп жатырмыз. Қазірдің өзінде қаржылық пирамидаларды ұйымдастырушыларға қарсы 22 тергеу басталды. 14 мыңға жуық заңсыз контент бұғатталды және 100-ден астам заңсыз чаттар мен аккаунттар жойылды», – деп хабарлады Дмитрий Малахов.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close