БілімЖаңалықтар

«Серпін» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Фото: Uza.uz

Биыл «Серпін» бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлініп отыр, деп хабарлады Қазақпарат.

«Серпін» бағдарламасымен оқуға түскен түлектер, грант берілген өңірде жұмыс істеуі тиіс еді. Біз бұл талапты өзгертіп, яғни жеңілдетпекпіз. Енді түлектер «Серпін» бағдарламасы іске қосылған кез келген өңірде жұмыс істей алады. Неге? Себебі еңбек нарығы өзгеруде. Бізде еңбек нарығы қажеттіліктерін анықтайтын механизмдер нақты емес, проблемалар бар», – деді Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Министр сондай-ақ кадр даярлауда сапаға мән беретін уақыт келгенін айтты.

«Сапа артқанда нарықта кадрлардың құны еселене түседі. Қазір біздің барлық назарымыз сапаға аударылуда», – дейді ол.

Сонымен қатар ведомство басшысы егер түлек «Серпін» бағдарламасының міндеттемелерін орындамаса, онда ақшаны кері қайтаруға міндетті екенін еске салды.

Айта кетейік, биылдан бастап «Серпін» арқылы тек қана 5 облыстағы ауыл балалары грантқа түсе алады.

«Серпін» жобасының басты мақсаты – еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлау.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close